Криштиану Роналду әйелдердің футболы туралы телехикаяның продюсері болмақшы
Мадридтің «Реал» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду әйелдердің футболы туралы телехикаялардың атқарушы продюсері болмақшы, деп хабарлайды <span>РИА «Новости».</span>
Футбол туралы телехикая Нью-Йорк штатының мектеп оқушыларын бейнелейді. Сценарийді «Memphis Beat» (Memphis Beat) сериалының жазушылары Лиз Гарсия мен Джо Харто шығарады.
Роналдудың айтуынша, телехикаялардағы жұмыс оған баға жетпес тәжірибе болады, деп жазады ntv.ru<span>.</span>
Криштиану Роналду, футболшы: «Бос уақытымда мен сапалы телешоуларды көремін. Мен үшін серияның атқарушы продюсері болу, дарынды адамдармен жұмыс жасау - бұл үлкен тәжірибе. Менің өмірім де осы сериалда баяндалады<span>».</span>
Роналду - Еуропа чемпионы, Чемпиондар Лигасының төрт мәрте жеңімпазы, «Алтын доп» сыйлығының бес мәрте жеңімпазы.