Марьянович голы сегізінші турдың үздігі атанды

Марьянович голы сегізінші турдың үздігі атанды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың сегізінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

Өткен турда соғылған голдардың саны - 14. Бір гол пенальтиден, бір гол - автогол. 

Сауалнама ҚКФЛ ресми сайтында және «Вконтакте» әлеуметтік желісінің @pflkaz тобында өткізілді.  

Сауалнама нәтижесі бойынша «Ақтөбе» жартылай қорғаушы Саша Марьяновичтің голы Премьер-лиганың сегізінші турының үздік голы атанды. Оның голы 1522 дауыс жинады. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша үздік голдардың үштігі:
1. Саша Марьянович голы (Атырау – Ақтөбе 1:1) – 1522 дауыс;
2. Думан Нәрзілдаев голы (Тобыл – Қайсар 0:3) – 553 дауыс;
3. Предраг Сикимич голы (Атырау – Ақтөбе 1:1) – 444 дауыс.
 
Саша Марьянович голы мамыр айының үздік добын анықтайтын сауалнамаға қатысады. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или