Владимир Муханов: Жігіттерге артар кінәм жоқ
«Ақ-қызылдардың» бас бапкері «Жетісумен» өткен ойынға пікір білдірді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

- Біздің бүгінгі ойынымыз нашар болды деп ойламаймын. Қос таймда да біз басым болдық. Біз бірінші таймда қарсыласқа тек стандарт арқылы ғана қауіп төндіре алдық, қиын болды. Бұл жартылай қорғаушылардың шабуыл өтіне дер кезінде доп жеткізбегеннің әсері. Екінші таймда болмайтын жерден гол соқтырып алып, лайықты жауап қата алдық. Ойын тізгіні толықтай біздің қолымызда болды. Қарсылас қорғанысқа жатып алды, көбіне қарымта шабуылға иек артты. Сонда да біз өз ойынымыздан танбадық. Тек сәттерді голға айналдыру ақсап жатты. Пиззелли... Мен Абат гол соққан кезде бәрі дұрыс болды деген ойдамын. Сұрақ көп. Ұлы Жеңіс күнінде жеңіске жете алмай, жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз өкінішті.

- Милан Радинді не үшін ауыстырдыңыз, неге Марьяновичті ауыстырмадыңыз. Себебі Милан тың көрінді.

-Біз бұл туралы ақылдастық. Саша Марьяновичтің стандартта жақсы ойнайтындығын ескеріп, Сашаны алаңда қалдырдық, дегенмен екеуі де жақсы ойнай алатын ойыншылар. Солай жасауға мәжбүр болдық. Шабуыл өтіндегі ойынға жаңа күш керек болды. Рейналдо мен Валиуллин жылдамдық қосу үшін алаңға жіберілді. Иә, тактикалық әрекеттер кезінде қателіксіз болған жоқ, бірақ жігіттерге артар кінәм жоқ-олар барын салып ойнады. Біз бүгін қарсыластың күшті қорғанысына қарсы алғаш рет бірінші нөмірмен ойнадық.

- Миличевичті орта шепте көріп үйренген едік, бүгін ол қорғаныста ойнады. Себебін түсіндіріп өтесіз бе?

- Біріншіден, Хрвое осымен үшінші ойын қатарынан сол жақ орталық қорғаушыны ойнап келеді. Сіз байқамаған боларсыз. Ол өз орнында сенімді ойнайтын ойыншы. Негізі қорғаныс шебінде ойыншыларды сирек алмастырады. Себебі олар бір-біріне үйреніп, бір адамдай жұмылып ойнап үйренеді. Қараптан-қарап ешкімнің орнын ауыстыруға болмайды. Бірақ қазіргі уақытта командада жарақаттанған ойыншылардың көптігіне байланысты осындай қадамдарға баруға мәжбүрміз. Ол жартылай қорғаныста да жақсы ойнайды. Қазіргі уақытта Волков, Жұмағали қатарға қосылуға дайын.