Никола Спасов: Біз Қазақстан чемпиондарына қарсы ойнағанымызды ұмытпағандарыңыз жөн

Никола Спасов: Біз Қазақстан чемпиондарына қарсы ойнағанымызды ұмытпағандарыңыз жөн

«Астана» футбол клубы Премьер-Лига ойындарының 9-шы туры аясында «Қызыл-Жар СК» командасын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Ойын соңында «Қызыл-Жар СҚ» командасының бас бапкері Никола Спасов матч туралы пікірімен бөлісті:

- Менің өз командама көңілім толды. Олар өте жақсы ойын өткізді. «Астана» бүгінгі кездесуде лайықты жеңіске жетті. Біз кездесудің басым бөлігінде қорғаныста ойнадық. Ол бізде бар мүмкіндікті білдіреді. Сондықтан, менің өз командама көңілім толады. Олар қорғаныста жақсы ойнап, қарсылас команда ойыншыларына көп шабуыл жасауға мүмкіндік берген жоқ. Өкіншіке орай, біз шабуылда өте сәтсіз өнер көрсеттік. Тіпті, «Астана» қақпасы маңында қауіпті сәттер ұйымдастыра алмадық. Мен бүгін көптен бері алаңға шықпаған ойыншыларға мүмкіндік бердім. «Астана» сияқты командаға қарсы 80 минут төтеп беру өте қиын. Сол үшін де ойыншыларыма сын таға алмаймын.

- Команда капитаны Әли Әлиевті алмастыруыңыздың себебі неде?

- Ол үзіліс кезінде өзін жайсыз сезінгендіктен, алмастыруға тура келді.

- «Астана» командасы өткен турда Қарағандыда жергілікті «Шахтер» командасынан жеңіліп қалды. Сол ойынды қарадыңыз ба? Өзіңізге қажетті ақпарат ала алдыңыз ба?

- Біз бір апта бұрын «Астанаға» қарсы ойнаған болатынбыз. Сондықтан, олардың ойынын жақсы білеміз.

- Бүгін неліктен команда көшбасшылары Мульдинов, Григалашвили, Гогуа алаңға шыққан жоқ?

- Олардың әрқайсысында үш сары қағаздан бар. Ал біз келесі кездесуді «Қайсарға» қарсы өз алаңымызда өткізетіндіктен, бұл ойыншылар сол кездесуде командаға көмектеседі деген ой болды. Шота Григалашвилидің аздаған жарақаты бар. Ал қалғандыры сары қағаздарына байланысты алаңға шыққан жоқ.

- «Астанаға» қарсы екінші кездесуде 80-ші минуттан кейін гол жіберіп жатырсыздар. Бұл шаршаудың белгісі ме? Әлде басқа да себептері бар ма?

- Аса бір қорқынышты ештеңе орын алған жоқ. Біз Қазақстан чемпиондарына қарсы ойнағанымызды ұмытпағандарыңыз жөн. Біздің команда әр кездесуде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, қоржынымызға ұпай салуға тырысып келеді. «Астана» және «Қайрат» сияқты бір бас жоғары тұратын командаларға қарсы кездесулерде жеңіске жету өте қиын. Дәл бүгінгідей кездесулерде ойыншылардың жекелей шеберліктері көп нәрсені шешіп кетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или