Григорий Бабаян: Ойын тағдырын алғашқы таймда-ақ шешіп тастауға болар еді

Григорий Бабаян: Ойын тағдырын алғашқы таймда-ақ шешіп тастауға болар еді
«Астана» футбол клубы Премьер-Лига ойындарының 9-шы туры аясында «Қызыл-Жар СҚ» командасын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Ойын соңында елордалық команда бас бапкері Григорий Бабаян матч туралы пікірімен бөлісті:

- Кездесудің қалай өрбігіндігі, ойын барысы толықтай көңілімнен шықты. Кездесуді өте жақсы жылдамдықта бастап, бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастыра алдық. Алайда, сол мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалана алмадық. Егер бірінші таймда болған гол соғатын сәттерде қызуқандылық танытқанда, кездесудің тағдырын алғашқы кезеңде-ақ шешіп тастауға болар еді. Ең бастысы, біз екінші таймда өз футбол мәнерімізден алыстамай, қарсылас қақпасына қауіп төндірумен болдық. Нәтижесінде екі гол соғып лайықты жеңіске қол жеткіздік. Мен бүгінгі кездесуде алғаш болып есеп ашқан Деспотович үшін өте қуаныштымын. Ол әлі де өзінің толықтай бабында дей алмаймын, дегенмен бүгінгі соққан голы оған сенімділік әкелетіні сөзсіз.

- Сіз шабуылды соңына дейін жеткізу тұрғысында көп мәселе бар екендігін жиі айтып жүрсіз. Бұл команданың шабуыл шебіне жаңа ойыншылар керектігін білдіре ме?

- Әрине, шабуылды аяқтауда көптеген мәселе бары анық. Өткен Теміртауда болған кездесуде өзімізде болған гол соғатын көптеген мүмкіндікті оңтайлы пайдалана алмадық. Соңында, қажетті ұпайдан айрылып қалдық. Біздің шабуылға ғана емес, басқа да позицияларға жаңа ойыншылардың қажет екендігі туралы мен барлық баспасөз жиындарында айтып келемін. Қазір трансферлік терезе жабық болғандықтан, жазға дейін не боларын болжау өте қиын. Себебі, барлығы біздің демеушілерімізге тікелей байланысты. Біз алдымызға әрдайым жоғары мақсаттар қоямыз. Еурокубоктердің топтық кезеңіне шығып, ішкі біріншілікте топ жару үшін бізге өте шұғыл жағдайда құрамға жаңа ойыншылар алып, әр позициядағы бәсекелестікті арттыру қажет.

- Жарақат алған ойыншылардың жағдайы туралы не айтасыз?

- Шитов бір аптадан кейін жалпы құрамға оралады. Зайнутдиновтың алған жарақаты аса бір ауыр болмай шықты. Менің ойымша ол екі-үш күнде қатарға қосылуы тиіс. Эрич тізесін жарақаттап алды. Оның қаншалықты ауыр екендігін, жақын күндері өтетін тексерістерден кейін нақты білетін боламыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или