Шомко: Матч бойы қорғанатын командаларға қарсы ойнау өте қиын
- Ондай командаларға қарсы ойнау өте қиын. Кей командалар өте мығым қорғанатындықтан, қарсылас қорғанысын бұзу өте қиынға соғып жатады. Біздің шабуыл шебіндегі креативті ойыншылар, бүгінгі кездесудің тағдырын шешіп кетті. Екінші таймда жақсы ойнағанымызбен, ойынның алғашқы кезеңінде шабуылды соңына дейін жеткізе алмай жаттық.
- «Астана» екінші таймда үш шабуылшымен ойнағандықтан, айып алаңына пас асырумен болды. Бұл ойынға құрған арнайы жоспар болды ма?
- Жоқ, бас бапкер жылдам, жаңа ойыншыларды алаңға шығаруды жөн деп санады. Ал ол ойыншылар шабуыл шебіне дем беріп, нәтижесінде екі гол соғып жеңіске жеттік.  Кей сәттерде болып жатқан жағдайға байланысты ойнауға тура келеді. Алайда, тағы қайталап айтайын, біздің шабуыл шебінде шебер ойыншылар бар.
- Сіз шабуылды соңына дейін жеткізу тұрғысында мәселе бар екендігін айтып қалдыңыз. Бұл соңғы уақыттарда ғана ма?
-  Жоқ, бұл біздің бас қатыратын аса бір қиын мәселе дей алмаймын. Иә, «Шахтермен» болған ойында көп шабуыл ұйымдастырғанымызбен, гол соға алмадық.  Егер біз сол шабуылдарды ұйымдастыра алмағанда, онда бас қатыруға болар еді. Бізге қарсылас команда ойынына байланысты алаңда көп өзгерістер жасауға тура келеді. Дегенмен, шиеленістің соңына дейін сақталғандығы жанкүйерлерге ұнайтыны анық.