УЕФА Суперкубогы Қазақстанда өтуі мүмкін
Еуропалық футбол қауымдастығының атқарушы комитеті (УЕФА) Киев қаласында өтетін отырысында 2020 жылғы еурокубогы иесі болатын қаланы атайды, деп хабарлайды inform.kz.
Отырыс Украина астанасында 24 мамырда өтеді.
<br />2020 жылы Чемпиондар лигасының финалдық ойындарын өткізуге Лиссабон мен Ыстанбұл үміт етіп отыр. Мәскеулік «Динамо» стадионы Венамен және бельгиялық Льежбен әйелдер арасындағы финалдық ойындарды өткізуге таласады.
Еуропа Лигасының финалына Порту мен Гданьск өтініш берді.
Ал, УЕФА Суперкубогын өткізуден тоғыз ел: Беларусь, Финляндия, Франция, Албания, Израиль, Қазақстан, Молдавия, Солтүстік Ирландия, Португалия үмітті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или