Бірінші лиганың 7-ші тур ойындарын 4300 адам алаңнан тамашалады

Бірінші лиганың 7-ші тур ойындарын 4300 адам алаңнан тамашалады

Бүгін Қазақстан Бірінші лигасының жетінші тур ойындары өткен болатын, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Биыл Бірінші лигада да тартыс өте қызу жүретін секілді. Себебі, Премьер лигаға жолдама алудан үмітті командалар саны жылдағыдан әлдеқайда көп. Атап айтар болсақ, «Оқжетпес», «Қыран», «Алтай», «Тараз», «Мақтаарал» клубтарының қай-қайсысы да елдің ең жоғарғы лигасында ойнауға қуатты.

Аталған лиганың жетінші тур ойындарын бүгін 4300 көрермен алаңнан тамашалады. Чемпионаттағы басты бәсекелестер «Алтай» мен «Тараз» матчына 3000 жанкүйер жиналған. Бұл осы турдағы ең тамаша көрсеткіш болып отыр.

Қазақстан Бірінші лигасы. 7-ші тур. Көрермендер саны:

«Алтай» - «Тараз» - 0:0. 3000 көрермен.
«Ақтөбе-Жас» - «Каспий» - 3:2. 500 көрермен.
«Қыран» - «Байқоңыр» - 3:0. 300 көрермен.
«Жетісу Б» - «Мақтаарал» - 1:2. 200 көрермен.
«Шахтер-Болат» - «Екібастұз» - 0:2. 150 көрермен.
«Оқжетпес» - «Қайрат А» - 0:1. 150 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или