Роналду Чемпиондар лигасының финалына қатыса алады

Роналду Чемпиондар лигасының финалына қатыса алады

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду «Барселонаға» қарсы матчта жарақат алса да, Чемпиондар лигасының финалында ойнай алады.

Роналду матчтың үзілісінде ойынды аяқтаған болатын. Испаниялық БАҚ-тың ақпаратынша, ойыншы 14-минутта гол соққан сәтінде жарақат алған. Роналду қақпаға соққы жасау барысында қорғаушы Джерард Пикемен қақтығысып қалған еді.

Медициналық тексерістен соң Роналдудың жарақаты ауыр емес екені анықталды. ол 26 мамырда өтетін Чемпиондар лигасының финалына қатыса алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или