Ойын алаңында найзағай соққан футболшы көз жұмды

Ойын алаңында найзағай соққан футболшы көз жұмды

 ОАР-дың «Марицбург Юнайтед» құрамасының ойыншысы  Луанда Нцхангасені найзағай соғып, қаза тапты, деп хабарлайды  Newtimes агенттігі.

21 жастағы футболшыны осыдан екі ай бұрын матч кезінде найзағай соққан болатын. Оқиға 1 наурызда болған. Ойын кезінде үш ойыншыны найзағай жарақаттаған, екі ойыншы жеңіл жарақат алды. Луанда Нцхансе кеуде тұсының күйік шалуы жарақатымен дереу ауруханаға жеткізілген . Осы уақытқа дейін ол медикаментозды комада жатты.

Клуб басшылығы Луанда Нцхангасені жерлеу рәсімін талқылау үшін оның туыстарымен кездеспекші.

Бұл <span>«Марицбург Юнайтед» құрамасы үшін үшінші шығын - </span>2016 және 2017 жылдары автомобиль апаттарында 27 жастағы Мондли Кэлэ мен 20 жасар Мланды Дианини қаза тапқан.

Қазіргі уақытта клуб ұлттық Премьер-Лигада төртінші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или