«Қайрат» Талдықорғанда сенімді жеңіске жетті
Қазақстан Премьер лигасының сегізінші туры аясында Талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында «Қайратты» қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz.

Биылғы маусым алматылықтар үшін сәтті басталды. Бұрындары жаңа маусым бастала сала ұпай жоғалтып, басты қарсыластарынан ұпай айырмасын алшақтатып алып, опық жейтін еді. Биыл сол қателіктерге жол бермей, алғашқы жеті турда бар болғаны екі ұпай ғана жоғалтты.

Сегізінші турда Талдықорғанға қонаққа барған «Қайрат» сенімді жеңіске жетті. Алғашқы таймда Чума Анененің көмегімен 2:0 есебімен алға шықта. Норвегиялық шабуылшы ойынның бар болғаны 10-шы минутында өзі есеп ашса, араға алты минут салып Тимур Рудосельскийді өз қақпасына гол соғып алуға мәжбүрледі.

Ал екінші тайм бастала сала Жақып Қожамберді есепті қысқартқынымен, қонақтар сапынан Станислав Лунин есеп айырмасын қайтадан екіге жеткізді. Осы нәтиже ойын соңына дейін өзгерген жоқ.
Қазақстан Премьер лигасы. Сегізінші тур
«Жетісу» - «Қайрат» 1:3 (0:2)
Гол соққандар: КОЖАМБЕРДЫ Жакып '46 - АНЕНЕ Чума '10, РУДОСЕЛЬСКИЙ Тимур (ӨҚ) '16, ЛУНИН Станислав '71
«Жетісу»: Андрей Шабанов (Қ) - Лаша Касрадзе, Денис Главина, Дэвид Мавутор, Тимур Рудосельский - Камо Оганесян, Эдгар Малакян, Сабырхан Ибраев, Альмир Мухутдинов - Жақып Қожамберды, Милан Бойович.
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Ян Вороговский, Акош Элек, Шелдон Бато, Станислав Лунин - Айбол Әбікен , Хуан Фелипе, Бауыржан Исламхан (К), Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин - Чума Анене.