«Астана» алғашқы жеңілісіне ұшырады

«Астана» алғашқы жеңілісіне ұшырады

Қазақстан Премьер лигасының сегізінші туры аясында қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Астана» командасын қабылдады, деп жазады prosports.kz.

Ойын басталмас бұрын еліміздің төрт дүркін чемпионының оңай жеңіске жететініне ешкім күмән келтірмеген еді. Алайда, ойын барысы бұл ойдың асығыстық екенін дәлелдеді.

Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Марко Станоевич, Иван Маевский, Патрик Твумаси қатарлы негізгі құрам ойыншыларына демалыс берген елордалықтар Теміртау төрінде үлкен қарсылыққа тап болды. Бірінші таймда қос команда да гол соға алған жоқ.

Ал екінші таймда ел чемпиондары барын салғанымен, алғаш болып есепті алаң иелері ашты. Ойынның 70-ші минутында Дамир Кояшевич гол соғып, командасын алға шығарды.

Қақпасына гол жіберіп алған астаналықтар соңғы 20 минутта тынбай шабуылдады. Маңызды ойыншыларын да алаңға шығарды. Алайда, жеңіске жету түгіл, есепті теңестірудің де сәті түспеді.

Қазақстан Премьер лигасы. Сегізінші тур
«Шахтер» - «Астана» 1:0 (0:0)

Гол соққан: Дамир Кояшевич 70

«Шахтер»: Игорь Шацкий (Қ) - Евгений Ткачук, Матео Мужек, Біржан Күлбеков, Александр Мигунов, Игорь Пикалкин, Даниель Суботич, Марат Шахметов, Дамир Кояшевич, Эгон Вух, Геворг Наджарян.

«Астана»: Ненад Эрич (Қ) (К) - Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Сергей Малый, Дмитрий Шомко - Ласло Кляйнхайслер, Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов, - Роман Муртазаев Марин Томасов, Джордже Деспотович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или