"Реал" бізден қорқуы керек!
«Ливерпуль» қорғаушысы Деян Ловрен «Реалмен» болатын матч туралы өз пікірін білдірді.
«Клопп секілді бапкер жаттықтырып жатқанына мақтануымыз керек, ол жаттықтырған кезден бастап ойыншыларымыз мен менталитетіміз, ойлау үрдісіміз жақсы жағынан өзгерді. Финалға шығу – әр ойыншының арманы. «Ливерпуль» үшін ойнау үлкен мақтаныш. Өзімізді соңғы финалда көрсете білуіміз керек. «Реал» жеңеді деп бәрі айтады, ия, ол мықты құрама. Бірақ бізде өзімізге сенімдіміз. Біз неге олардан қорқуымыз керек, керісінше «Реал» бізден қорықсын дейді Ловрен.
Естеріңізге сала кетсек, 26 мамырда Киев қаласында Чемпиондар Лигасының соңғы матчы өтеді. «Реал» мен «Ливерпуль» өз кезегінде титул үшін тартысқа түспекші. Сол себепті де «Реал» бас бапкері Зинеддин Зидан «Реал» 6 мамырда Каталонияда «Барселонамен» өтетін ойында жартылай резервтік құраммен ойнайды деп айтқан болатын.
ABC агенттігінің хабарлауынша, «Барселонаға» қарсы ойында Криштиану Роналду, қорғаушылар Серхио Рамос пен Марсело, қақпашы Кейлор Навас, жартылай қорғаушы Луку Модрич ойнамайды. «Реалдың» бас бапкері аталған ойыншылардың жарақат алуынан қорқады, яғни оларды Чемпиондар Лигасының финалына сақтамақшы.