«Реал» «Барселонамен» жартылай резервтік құраммен ойнайды
«Реал» «Барселонамен» жартылай резервтік құраммен ойнайды деп хабарлайды football.es
ABC агенттігінің хабарлауынша, «Барселонаға» қарсы ойында Криштиану Роналду, қорғаушылар Серхио Рамос пен Марсело, қақпашы Кейлор Навас, жартылай қорғаушы Луку Модрич ойнамайды. Бұл ойыншыларды «Реалдың» бас бапкері Зинеддин Зидан Чемпиондар Лигасының финалына сақтамақшы.
Еске салайық, «Барселона» - «Реал» матчы 6 мамырда Каталонияда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или