Түркия Еуро-2024 турнирін өткізуі мүмкін
Түркия футбол федерациясының өкілдері УЕФА-ға футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге өтініш берді. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлады.
Түркия футбол федерациясының президенті Йылдырым Демиререн төртінші жыл қатарынан УЕФА-ға өтініш бергенін және бұл біріншілікті өткізуге толық дайын екендерін айтты.
<span>«Біз УЕФА-ның бас хатшысына Еуро-2024 турнирін өткізуге өтінішімізді бердік. Футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге толық дайынбыз. Сондықтан да біз төрт жылдан бері УЕФА-ға кәрі құрлық біріншілігін ұйымдастыруға мүмкіндігіміз жететінін айтып келеміз. Меніңше, біз осы жылы жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Себебі үкімет тарапынан бізге қолдау көрсетіліп отыр», - дейді ол. </span>
<span>Түркияға дейін 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге Германия да өз өтініштерін берген. Еуро-2024 жылы қай елде өтетінін алдағы қыркүйек айының 27-сі күні УЕФА-ның Атқарушы комитетінің отырысында белгілі болады.</span><br /><br />