«Арсенал» көп қаржы сұрамайтын жас бапкер іздеп жатыр

«Арсенал» көп қаржы сұрамайтын жас бапкер іздеп жатыр

«Арсенал» осы маусымнан кейін командадан кететін бас бапкер Арсен Венгердің орнына жаңа маман іздестіріп жатыр.

«Зеңбірекшілердің» басшылығы көп қаржы сұрамайтын жас бапкер іздестіріп жатыр. Оның ішінде, «Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопптың көмекшісі Желько Бувачу, «Хоффенхаймды» жаттықтыратын Юлиан Нагельсман, «Нью-Йорк Сити» бапкері Патрик Виера және «Манчестер Сити» жаттықтырушысы Хосеп Гвардиоланың көмекшісі Микель Артета бар.

Сонымен қатар, «Арсенал» «Ювентустың» бас бапкері Массимилиано Аллегриді де бақылап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или