Қазақстан U-17 грузиялық құрдастарынан ұтылып қалды

Қазақстан U-17 грузиялық құрдастарынан ұтылып қалды

«УЕФА Даму Кубогы» халықаралық турнирі Грузияда басталды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.

Игорь Свечников шәкірттері алғашқы ойында алаң иелеріне есе жіберді. Есеп – 2:3. Біздің команданың сапында Әділхан Добай менВладислав Бутырин гол соқты.

Ертең, 4 мамыр күні Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусь елінің футболшыларымен кездеседі.

Грузия U-17 - Қазақстан U-17 - 3:2

Голдар: Тороньядзе, Огбаидзе, Морчиладзе - Добай, Бутырин.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының U-17 негізгі құрамы: Пузанов, Широбоков, Шен, Добай, Хасанов, Рогальский, Аханов, Құсайынов, Бовкун (к), Балута, Айманов.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или