Андрей Аршавин: Оралдағы қосалқы алаңда ойнау ыңғайсыз
«Қайрат» футбол клубының ойыншысы, Ресей құрамасының экс-капитаны Андрей Аршавин «Sports Nation» бағдарламасының тілшісіне сұхбат берді. Бұл туралы 24.kz жазды. <br />Футболшы Қазақстандағы спорттық мансабы туралы айтты және Ресейде өтетін әлем чемпионатына бару-бармауы туралы да әңгімеледі. Сонымен қатар елдегі аяқдоптың инфрақұрылымына қатысты да өз ойын білдірді. <br />- Оралдағы қосалқы алаңда ойнау ыңғайсыз екенін айту керек. Жылдың басында Шымкентте доп тебу қиын. Себебі ол жақтағы шөп біркелкі өспейді, қандай алаң екенін түсінбейсің. Бірақ жылдың аяғына қарай дұрысталады. Мен әлі Қызылорда мен Шымкенттің қапырық ыстығында ойнап көрген жоқпын, - деді Андрей Аршавин.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или