Ульрайх: Командам мен жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын

Ульрайх: Командам мен жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын

«Баварияның» қақпашысы Свен Ульрайх Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы қарымта матчтан кейін ойындағы қателігі үшін кешірім сұрады.

Екінші таймның басында Ульрайх дөрекі қате жіберіп, «Реал» екінші голын соғып кеткен болатын.

«Чемпиондар лигасынан ұшып кеткенімізге қалай өкінгенімді жазып жеткізе алмаймын. Финалға шыққымыз келді және қолдан келгеннің бәрін жасадық. Мен міндетті емес қате жібердім. Мұны түсіндіре алмаймын. Кешіріңіздер... Командам мен жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын», - деп жазды қақпашы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или