Instat. Марин Аничич – «Астана» - «Тобыл» кездесуінің үздік ойыншысы
Премьер-Лига ойындарының жетінші туры аясында «Астана» өз алаңында «Тобыл» командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Instat компаниясының мәліметтері бойынша «Астана» қорғаушысы Марин Аничич үздік атанды. Оның Instat Index көрсеткіші 243-ке тең. Марин аталмыш кездесуде қарсылас қақпасына 1 мәрте соққы бағыттап, теке-тірестің 73%-да жеңіске жетіп, 7 рет допты қарсылас ойыншысынан тартып алып, алаңдағы ойыншылар ішінен үздік нәтиже көрсетті.
Екінші орында орталық қорғаныстағы Аничичтің жұбы Евгений Постников. Қазақстан құрамасының қорғаушысы жекелей тартыстың 74%-да жеңіске жеткен.
Үшінші орында қақпашы Ненад Эрич. Елордалық команда капитаны аталмыш кездесуде қақпасын құрғақ сақтап, 88% тура пас берген.
Instat Index бойынша үздік бестік:
1.Марин Аничич – 243
2. Евгений Постников – 242
3. Ненад Эрич – 240
4. Дмитрий Шомко – 239
5.Василий Кобин («Тобыл»)- 233