Роналду Неймардың «Реалға» ауысуына қатысты пікір білдірді
Криштиану Роналду «Барселонада» маңдайалды ойыншылардың бірі болған Неймардың корольдік командаға ауысуы мүмкін екені туралы өз пікірін айтты.
«Мен Неймардың «Реалға» ауысуы мүмкіндігі туралы осы кезге дейін талай естідім. Бірақ бұл екіталай нәрсе. Себебі «ПСЖ» Неймар үшін қомақты қаржы төледі. Бәлкім ол мадридтік командаға әлі ауыса жатар. Бірақ тек бірнеше жылдан кейін», - деді Роналду.
Қазір Неймар «ПСЖ» құрамында күніне 100 мың еуро жалақы алады. Бірақ француз чемпионатының деңгейі оның көңілінен шықпайды екен. Сол себепті Неймар әкесіне «Реалға» ауысу үшін келіссөздер бастау туралы өтініш айтыпты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или