Жанкүйерлер «Тобылға» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады
«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйкүйерлер «Астана» - «Тобыл» (1:0) арасындағы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.
Кездесуде соғылған жалғыз голдың авторы Патрик Твумаси жанкүйерлер тарапынан 44,7% дауыс жинап, үздік атанды.
Екінші орында хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов. Марин елордалық команда сапындағы аз ғана уақыттың ішінде жанкүйерлердің ерекше махаббатына ие болып үлгерді. Оның еншісінде 18,4% дауыс бар.
Үздік үштікті Ненад Эрич қорытындылады. «Астана» капитаны өз еншісіне тағы бір мәрте «құрғақ» ойын жазды.
Үздік бестік:
1.Патрик Твумаси 44,7%
2.Марин Томасов 18,4%
3.Ненад Эрич 13,5%
4.Абзал Бейсебеков 5,5%
5.Дмитрий Шомко 5%
Дауыс беруге 2 282 адам қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или