«Астана» сапынан тоғыз ойыншы Словакияға аттанады

«Астана» сапынан тоғыз ойыншы Словакияға аттанады

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда жиналып, артынша 6 мамыр күні Словакияның Трнава қаласына аттанып, сол жақта оқу-жаттығу жиынын өткізіп, бірнеше жолдастық кездесу өткізеді.

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осы жастағы құраманың бас бапкері Александр Кузнецов құрамаға «Астана» сапынан 9 ойыншыны шақыртты. Сонымен, бүгін Талғарға қақпашылар Олег Медведев пен Владислав Саенко, қорғаушылар Әділжан Дүйсембаев, Сағи Совет, Әлім Ілиясов, жартылай қорғаушылар Руслан Махан, Жасұлан Қайыркенов, Лев Скворцов және шабуылшы Владислав Прокопенко құрама сапына келіп қосылды.</span>

<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Айта кетейік, бұл тізімге «Мақтаралға» қарсы Кубок жолындағы кездесуде жарақат алып қалған жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаев ілінбей қалды.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или