Қайрат Әшірбеков «Ордабасы» сапындағы 200-ші матчын өткізді

Қайрат Әшірбеков «Ордабасы» сапындағы 200-ші матчын өткізді

«Ордабасы» футбол клубының жартылай қорғаушысы Қайрат Әшірбеков Қазақстандық чемпионатындағы 200-ші матчын өткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

35 жастағы футболшы «Қайсармен» (0-0) өткен ойында «Ордабасы» жейдесінде ел чемпионатындағы 200-ші кездесуінде алаңға шықты.

Қайрат шымкенттік команда сапындағы алғашқы ойынын осыдан 18 жыл бұрын өткізген болатын. Ол кезде команданың атауы «Томирис» болатын. Осы аралықта футболшы командасымен бірге Қазақстан кубогын, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, ел чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Ол Қазақстан чемпионатында 200 немесе одан да көп матч өткізген «Ордабасы» тарихындағы үшінші ойыншы атанды.

«Ордабасы» сапында Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген футболшылар:

1.​ Мухтар Мухтаров – 211 матчей;

2.​ Азат Нұрғалиев – 204;

3.​ Қайрат Әшірбеков – 200;

4. Бекзат Бейсенов – 181;

5.​ Сергей Козюлин – 166;

6. Артем Касьянов – 146;

7. Қуаныш Қарақұлов – 139;

8. Дәуренбек Тәжімбетов – 133;

9.​ Олег Сабиров – 130;

10-11. Ғафуржан Сүйімбаев – 127;

10-11. Дмитрий Проторчин – 127.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или