Салах маусым соңына дейін жазалануы мүмкін

Салах маусым соңына дейін жазалануы мүмкін

Мохамед Салах «Сток Сити» қорғаушысына соққы жасауға тырысқан, сол үшін маусым соңына дейін жазалануы мүмкін.

Бірінші таймда мысырлық шабуылшы «Сток» қорғаушысы Бруно Мартинс Индиді ұрғысы келген, алайда соққысы оған тимей қалды. Бұл жайт төрешінің назарынан тыс қалғанымен, сол сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

The Sun ақпаратына сүйенсек, бұл оқиғаны Англия футбол қауымдастығының тәртіптік комитеті тексере бастаған. Салах сол үшін 3 матчқа жазалануы мүмкін. Мұндай жағдайда ол биылғы маусымда тек Чемпиондар лигасында ғана ойнай алады.

Айта кетейік, Салах АПЛ сұрмергендері тізімінде 31 голмен көш бастап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или