«Барселона» 25-ші мәрте Испания чемпионы атанды
«Барселона» футбол клубы 2017/2018 жылғы маусымда Испания Ла лигасының чемпионы атанды, деп жазады prosports.kz сайты.

Испания чемпионатының 35-ші турында «Депортивоға» қонаққа барған каталониялықтар алаң иелерін 2:4 есебімен ұтып, уақытынан бұрын чемпион атанды.

Осы жеңісінен кейін «Барселона» 86 ұпай жинап, екінші орында келе жатқан мадридтік «Атлетикодан» 11 ұпайға ұзап кетті. Ал Ла лиганың аяқталуына 3 тур ғана қалды. Демек, қалған турларда қандай нәтиже тіркелсе де чемпиондық атақты каталониялықтардың қолынан ешкім тартып ала алмайды.

Осылайша, «Барселона» өзінің тарихында 25-ші мәрте Испания чемпионы атанып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Испанияда мадридтік «Реалға» тең келетін ешкім жоқ. Олар Испания біріншілігін 33 рет жеңіп алған.