Иван Маевский: Өте қиын ойын болды

Иван Маевский: Өте қиын ойын болды

«Астана» Премьер-Лига ойындарының 7-ші туры аясында қостанайлық «Тобылды» қабылдап, тартысқа толы кездесуде 1:0 есебімен басым түсті: 

- Өте қиын ойын болды. Бірінші таймда ойынды толықтай бақылуда ұстағанымызбен, қауіпті шабуылдар ұйымдастыра алмадық. Қарсылас команда өте жақсы қорғана білді. Ал екінші таймда бізге қиындау болды. Бір аптада үш ойын өткіздік. Мүмкін, аздап шаршаған шығармыз.Бірақ, ең бастысы жеңіске жетіп, қажетті үш ұпайға қол жеткіздік. 

- Бірінші таймда жарақат алып қалғандай көрінген сәт болған еді... 

- Бұл футбол. Барлығында жарақат алатын сәттер болады. Ауыр соққы алғаным рас. Бірақ, әрі қарай ойнап кеттім. Қазір барлығы жақсы. 

- Павлодарда сырт алаңда ойнап, Еуропа Лигасының қатысушысын ірі есеппен жеңдіңіздер. Бүгін де тағы бір еурокубоктерде бағын сынайтын командаға қарсы ойнадыңыздар. Алайда, ойын есебінде айырмашылық бар. Матч нәтижелеріндегі дәл осындай айырмашылықтардың себебі неде деп ойлайсыз? 

- Бұл жерде көп себеп бар. Біз маусымды ерте бастап, көп ойын өткізіп үлгердік. Аздаған қиындықтардың орын алатындығы рас. Маусымның алғашқы кезеңінде ұпай жинап алу біз үшін маңызды. Жазға қарай ойын нәтижелерін бір қалыпқа түсіреміз деген ойдамын. Барлығы жақсы болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или