Ненад Эрич: «Ең бастысы, жеңіске жеттік»
«Астана» Премьер-Лига ойындарының 7-ші туры аясында қостанайлық «Тобылды» қабылдап, тартысқа толы кездесуде 1:0 есебімен басым түсті.
Ойын соңында елордалық команда капитаны Ненад Эрич клубтың баспасөз қызметін матч туралы өз пікірімен бөлісті:
- Ең бастысы, бүгін маңызды жеңіске қол жеткіздік. «Тобыл» - қорғаныс баса мән беріп, қарымта шабуылда жақсы ойнайты команда. Біздің команданың баркерлер құрамы осы жағдайды бізге матч алдында арнайы ескерткен болатын. Қиын ойын болатынын білдік. Дәл қазір алға жылжып, еңбектеніп, өз ойынымызды жақсартуға тиіспіз.
- Команда сегіз күнде үш ойын өткізді. Қалыпқа келіп үлгердіңіздер ме?
- Біз еурокубоктерде дәл осындай ойын кестесінде ойнайтындықтан, үйреніп қалғанбыз. «Астана» бапкерлер құрамы команда келесі ойынға толықтай дайын болуы үшін барлық жағдайды жасайды.
- Соңғы екі кездесуде қақпаңызға гол жіберген жоқсыз. Сіз үшін «құрғақ» матч өткізу қаншалықты маңызды?
- Менің ойымша, команданың нәтижесі бірінші кезекте. Алайда, соңғы екі ойында қақпама гол кірмегендігі де қуантады. Менің қақпамның маңында келеңсіздіктердің орын алмауы, командалас әріптестерімнің еңбегі.