Джеррард «Рейнджерстің» тізгінін ұстауға келісімін берді
«Ливерпуль» жастар командасының бас бапкері Стивен Джеррард шотландиялық «Рейнджерсті» жаттықтыруға келісімін берді. Бұл туралы Mirror жазды.
Басылым ақпаратына сүйенсек, «Рейнджерс» басшылығы 37 жастағы маманның клубқа баяғы атағын қайтарып беретініне сенімді. Джеррад шотландиялық командаға «Ливерпульде» бірге ойнаған Гари Макаллистерді де шақыртпақ.
Бүгінгі таңда «Рейнджерс» маусымның аяқталуына төрт тур қалғанда 65 ұпаймен үшінші орында келеді. Ол көш басындағы «Селтиктен» 10 ұпайға қалып тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или