Владимир Никитенко: «Астананы» жеңу үшін бірінші болып гол соғу қажет

Владимир Никитенко: «Астананы» жеңу үшін бірінші болып гол соғу қажет

«Астана» Премьер-Лига ойындарының 7-ші туры аясында қостанайлық «Тобылды» қабылдап, тартысқа толы кездесуде 1:0 есебімен басым түсті.

Ойын соңында «Тобыл» команда бас бапкері Владимир Никитенко матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Ойын алдында жоспарлаған көп дүниені алаңда бүгін іс жүзінде орындай алдық. Алайда, бұдан да жақсы ойнауға болар еді. «Астана» сияқты команданы жеңу үшін, кездесуде бірінші болып гол соғу қажет. Бірақ, өкінішке орай елордалық команда алғаш болып есеп ашты. Ал біз өзімізде болған мүмкіндіктерді пайдалана алмадық.

- Нөсербаев пен Нұрғалиевтің ойыны көңіліңізден шықты ма?

- Олар алаңда барын салып, жігірлі ойын көрсетті. Біз ойынға жоспарлаған көп дүниені алаңда орындай алдық, алайда, ол жеткіліксіз болды.

- Командада шабуылды ұйымдастыруда көп мәселе бар екендігі байқалады. Бұл орындаушылардың қателігі ме, әлде команда сапындағы жігіттер бір-бірімен түсінісе алмай жатыр ма?

- Біздің шабуыл шебінде шынымен де алаңдарлық мәселе жеткілікті. Шиндер жарақат алып қалды, Нөсербаев енді ғана өз бабына келіп жатыр. Шабуыл шебі алдағы уақытта жақсарады деген ойдамын. Бірақ, бүгін біз Қазақстанның ең үздік командасына қарсы сырт алаңда ойнағандығымызды да естен шығармаған жөн.

- Алаңға Дарабаев пен Тұрысбектің шығуымен, қарсылас команда қақпасының маңында бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастара алдыңыздар. Олар өздері алмастырған ойыншыларға қарағанда, жақсы ойнағандай көрінді. Осы пікірмен келісесіз бе?

- Олар алаңға тыңнан қосылды. Сондықтан, ойынды күшейтуге міндетті болатын, сол үшін біз оларды алаңға шығардық.

- Жақында ғана «Тобыл» командасы Еуропа Лигасында «Ордабасыны» алмастырады деген ақпарат тараған болатын. Команда еурокубоктерге қаншалықты дайын?

- Шынымды айтсам, «Ордабасы» командасының осындай жағдайға түскені өте өкінішті. Себебі, олар өткен маусымда өте жақсы ойын көрсетіп, лайықты түрде Еуропа Лигасына жолдама алған еді. Бірақ, орын алған өзгерістерге байланысты қарайтын болсам, біз еурокубоктерге дейін команда құрамын күшейтуіміз қажет. Егер, «Астана» сияқты командамен тең дәрежедегі ойын үлгісін көрсететін болсақ, біз 2-3-ші іріктеу кезеңінен өтуге қауқарлымыз деп ойлаймын. Бірақ, барлығы жеребеге байланысты болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или