Григорий Бабаян: Ойында гол соғатын мүмкіндік өте көп болды
«Астана» Премьер-Лига ойындарының 7-ші туры аясында қостанайлық «Тобылды» қабылдап, тартысқа толы кездесуде 1:0 есебімен басым түсті.
Ойын соңында елордалық команда бас бапкері Григорий Бабаян матч туралы өз пікірімен бөлісті:
- Біз «Тобыл» командасының өте сапалы әрі үлкен күшпен қорғанатынын алдын ала білдік. Сондықтан, өте қиын ойын болатынан күттік. Ойынның бірінші кезеңінде допты бақылауда ұстап, қауіпті шабуылдар ұйымдастыруға тырыстық. Ал ойынның екінші таймында өзімізге тән ойын жүйесін өзгертпей, қаптал арқылы шабуылдап, қарсылас команда қорғанысын бұзуға тырыстық. Жалпы алғанда, ойында гол соғатын өте көп мүмкіндік болды. Біз сегіз күн ішінде үш ойын өткізгенімізді ескеретін болсақ, жігіттер өте маңызды жеңіке қол жеткізді. Сол үшін де команда ойыншыларын құттықтаймын.
- Жарақаттарынан енді ғана айығып келе жатқан Серікжан Мужиков, Юрий Логвиненко және Игорь Шитов қашан толықтай дайын болады?
- Менің ойымша, Мужиков жақын уақытта өзінің толықтай бабына келу тиіс.
Юрий Логвиненкоға әлі бір аптадай уақыт қажет. Ал Игорь Шитовке келер болсақ, ол 10-12 күннің ішінде жалпы топқа қосылуы тиіс.
- «Астана» 70-ші минутқа дейін өзін алаңда жайлы сезінді. Осы уақытта «Тобыл» командасы екі ойыншыны қосалқы құрамнан алаңға шығару арқылы бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастарды. Елордалық команда ойыншылары шаршап қалды деп ойламайсыз ба?
- Мен оларда өте көп мүмкіндік болды дей алмаймын. Біз кездесуде жеңіп жатқандықтан, ойыншылар ойын есебін сақтап қалуды ойлаған болуы керек. Және қарсылас команда шабыл шебіне ойыншыларды шығарғанын ескеруіміз қажет. Ойын соңы жақын болғандықтан, қолда бар нәтижені сақтап қалу маңызды болды.
- «Астана» сапына қайта оралған Джордже Деспотович қаншалықты өз бабында?
- «Тобыл» командасы өте төмен қорғанып жатқандықтан, бізге екінші қабатта ойнай алатын шабуылшы қажет болды. Осы жағдайға байланысты Джорджені алаңға шығардық. Ол өзінің қолынан келгенше, біз жүктеген міндетті орындауға тырысты. Әрине, ол өзінің толықтай бабына әлі де келе қойған жоқ.
Дегенмен, оған және басқа да ойыншыларға көп еңбектеніп, өз ойындарын жақсартулары қажет.