Карлос Алос: «Ертістің» кестедегі орны олардың деңгейіне сай емес
Ойыннан кейінгі «Қайрат» ФК бас бапкерінің баспасөз жиынында айтылған пікірі.
-Команданы жеңіспен құттықтаймын. Бұл алаңда ойын қиын болатындығын білдік. Қарсылас аса мықты. Қазіргі таңда «Ертістің» кестедегі орны олардың деңгейіне сай емес. Бірінші таймды жақсы бастадық. Ойынды өз бақылауымызда ұстадық. «Ертісте» бірнеше қарымта шабуыл болды. Солардың бірінде гол өткізіп алдық. Дегенмен команда басын түсірмей, күресіп, бірінші тайм соңында есепті теңестірді. Біз үшін бұл маңызды еді. Матчтың екінші жартысында біздің команда бірден шабуылға кірісті. Есеп 1-2 болғаннан кейін, «Ертіс» бар күшімен алға ұмтылып, біз артта қалдық. Бұл түсінікті жағдай. Бастысы үш ұпайға қол жеткізді. Күресті жалғастырамыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или