Қазақстан-U17 әйелдер құрамасы халықаралық жарысқа қатысады
«Даму Кубогы – 2018» халықаралық турнирі 8-13 мамыр аралығында өтеді.
Біздің құрама 25 мамырдан бастап аға жаттықтырушы Орынбасар Дәуренбекованың жетекшілігімен Шымкентте оқу-жаттығу жиынын жүргізіп жатыр. Дайындық 7 мамырға дейін созылады.
«Даму Кубогы – 2018» турнирінде біздің құрамының қарсыластары Беларусь, Грузия және Румыния құрамалары болмақ.
Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі:
Қақпашылар: Аружан Оразбекова («РСШИКОР», Астана), Әйгерім Түймебаева («СДЮШОР №7, Шымкент»).
Қорғаушылар: Фаиза Исмаилова, Александра Бурова, Алена Иванова (барлығы - «СДЮШОР №7, Шымкент»), Гүлмира Ташмет, Ясмина Мұқашова, Ділнәз Жәкішева (барлығы - «РСШИКОР», Астана), Гүлім Кенжетай (ДЮСШ №2, Алматы).
Жартылай қорғаушылар: Эльдана Айтымбетова, Айя Шолақова, Алина Шалмұқанбетова («РСШИКОР», Астана), Жансая Көпжанова («Жігер», Қызылорда), Жансұлу Хәмзе («Шахтер», Қарағанды), Сабина Махаматова, Айкүміс Бозжігіт, Лаура Рахметжан (барлығы - «СДЮШОР №7, Шымкент»).
Шабуылшылар: Аида Артықбай («СДЮШОР №7, Шымкент»), Лейла Садықова (ОДЮСШ №2, Ақтөбе), Татьяна Герасимова (Ақтау).