Жанкүйерлер «Қызыл-Жар СҚ» командасына қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады
«Астана» Премьер-Лиганың 19-шы туры аясында «Қызыл-Жар СҚ» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті.
Елордалық команданың «Вконтакте» желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер осы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады. Кездесудегі екі голдың авторы Патрик Твумаси жанкүйерлер тарапынан басым қолдау тауып, үздік атанды.
Екінші орынды аталмыш кездесуде нәтижелі пас беріп, осы маусымдағы нәтижелі ойындар санын 11-ге жеткізген Марин Томасов иеленді.
Үздік үштікті команда капитаны Ненад Эрич қорытындылады. Астаналықтардың қақпашысы кездесуде бірнеше қауіпті шабуылға тосқауыл бола білді.
Дауыс беру бойынша үздік бестік:
1.Патрик Твумаси 56,2%
2.Марин Томасов 18,7%
3. Ненад Эрич 9,8%
4.Дмитрий Шомко 6,4%
5.Алексей Щеткин 3,2%
Дауыс беруге 3 347 адам қатысты.