ҚПЛ. 7-ші турға шолу

ҚПЛ. 7-ші турға шолу

Бүгін  футболдан Қазақстан Премьер Лигасының жетінші туры аясында 4 ойын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Павлодарда «Ертіс» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады. 2:1 есебімен қонақтар сапы жеңіске жетті. Ойынды 11-ші минутта Дору Попадюк ашқан болатын. Қонақтар тарапынан Андрей Аршавин мен Чума Анне гол соқты.

«Ертіс» - «Қайрат» - 1:2 (1:1)

Голдар:<span> </span>Попадюк 11 (1:0) – Аршавин 45+1 (1:1), Анене 63 (1:2)

Павлодар. «Орталық» стадион.

 

«Ақжайық» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған. Алаң иелері 26-минутта Берік Шаиховтың көмегімен алға шыққан. Алайда екінші таймның басында «кеншілердің» беларусьтік легионері Александр Володько таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1. Осы ойыннан кейін «Ақжайық» 9 ұпай еншілеп, 6-шы орында тұр. Ал «Шахтер» 10 ұпаймен 5-ші орында келеді. Айта кетейік, оралдық ұжым осы маусымда өз алаңында жеңілген жоқ.

«Ақжайық» - «Шахтер» 1:1 (1:0)

Голдар:<span> </span>1:0 – Шаихов 26, 1:1 – Володько 53

 

Ал қызылордалық «Қайсардың» жағдайы әлі мәз емес. Стойчо Младенов шәкірттері өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдаған. Жанкүйерлер бұл ойында гол көре алмады. Командалар есеп ашпай, матч 0:0 есебімен аяқталды. «Қайсар» 7 тур бойы жеңіске жете алмай келеді. Команданың еншісінде 3 қана ұпай бар – 11-орын. Ал жақында ғана Еуропа лигасынан шеттетілген «Ордабасы» 13 ұпаймен 4-ші сатыда тұр. Шымкенттік команда соңғы 3 матч бойы жеңіске жете алмай келеді.

«Қайсар» - «Ордабасы» 0:0

 

Бүгін  футболдан Қазақстан Премьер Лигасының жетінші туры аясында Атыраудағы «Томарлы» алаңында жергілікті клуб өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» қабылдаған болатын.  Ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген болатын. Кездесудің 68-ші минутында Марат Хайруллин гол соқты.

«Атырау» - «Жетісу» - 1:0 (0:0)

Гол:<span> </span>Хайруллин 68` (1:0)

Атырау.  «Томарлы» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или