Марадона «Әл-Фуджайрадағы» жаттықтырушы қызметінен босатылды

Марадона «Әл-Фуджайрадағы» жаттықтырушы  қызметінен босатылды

Аргентинаның аңызға айналған бұрынғы ойыншысы Диего Марадона Біріккен Араб Әмірлігіндегі «Әл Фуджайра» клубының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

BBC ұжымы 57  жастағы аргентиналық экс-футболшының жұмысынан босатылу себебін топты жоғары дивизионға көтере алмауы деп хабарлайды. Марадона «Әл – Фуджайраны» өкен жылдың мамыр айынан бастап жетектеген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Аргентинаның «Расинг», БАӘ-нің «Аль-Васл» және 2014 жылғы әлем чемпионатында ширек финалға шыққан Аргентина құрамаларын жаттықтырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или