"Барселона" төрт ойыншысын сатылымға қойды
Каталониялық «Барселона» құрамасында төрт ойыншының аты-жөні «қара тізімге» енді. Бұл туралы Sports.ru хабарлады.
Marca ақпараты бойынша, жартылай қорғаушылар Андре Гомес пен Алейш Видаль, сондай-ақ Люка Динь және Йерри Мина өздеріне жаңа құрама іздесе болады.<span> </span>
Соңғы өткізілген 11 матчта бастапқы құраммен шықпаған жартылай қорғаушылар Гомес пен Видаль «Барселона» құрамасының жаттықтырушысы Эрнест Вальверденің көңілін қатты қалдырған. Екі ойыншы да өздерін дәлелдеуге көп мүмкіндіктері болған, бірақ әр жолы сәтсіз болды.<span> </span>«Барселона» құрамасының жаттықтырушысының айтуынша, Динь мен Мина каталон клубының деңгейіне сай келмейді, яғни, тәжіребиелері жеткіліксіз.
Sports.es<span> </span>мәлімдегендей, «Барселона» Гоместі маусымның соңында сатуға ниетті. Тараптар Гомес болашағы үшін барлық мүмкіндіктерді табуға тырысуда, ол үшін 2016 жылы каталондықтар «Валенсия» клубына 35 миллион еуро төлеген болатын. 24 жасар португалдық ойыншы осы маусымда 16 матч өткізіп, ешқандай нәтиже көрсетпеді.