«Астана» «Қызыл-Жарға» қарсы матчтарда 100% нәтиже көрсеткен

«Астана» «Қызыл-Жарға» қарсы матчтарда 100% нәтиже көрсеткен

«Астана» Премьер-Лиганың 19-шы туры аясында «Қызыл-Жар СК» командасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен басым түсті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.<br />

Астаналықтар осы жеңістің арқасында петропавлдықтарға қарсы өткізген екі команда тарихындағы төрт кездесудегі төртінші жеңісіне жетті.  

<span>Елордалық команда алғаш рет «Қызыл-Жар СК» командасымен 2009 жылы кездесіп, ол кездесулерде «Локомотив» екі рет жеңіске жеткен еді. Бірінші айналымда астаналықтар Андрей Тихоновтың голының арқасында 1:0 есебімен жеңсе, ал жауапты кездесуде 2:0 есебімен басым түсті. Петропавлдағы ойында Жамбыл Кукеев пен Мадияр Муминов нәтижелі соққыларымен көзге түскен еді. </span>

<span>Ал келесі ойынды 7 жыл күтуге тура келді. 2016 жылғы маусымда «Астана» Қазақстан Кубогының 1/4 финалында Қарасай стадионында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ол кездесуде Джордже Деспотович дубль авторы атанса, тағы бір голды Асхат Тағыберген өз еншісіне жазды. </span>

<span>Араға екі жыл салып астаналықтар Патрик Твумасидің соққан екі голының арқасына тағы бір жеңіске жетті. «Қызыл-Жар СК» және «Астана» арасындағы келесі ойынның да ауылы алыс емес. Екі команда 9 мамыр күні «Астана Арена» стадионында кездеседі. Ал «Астана» ертең, 29 сәуір, өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдайды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или