Судан чемпионатында жасыл алаңға ешкі шығып кетті

Судан чемпионатында жасыл алаңға ешкі шығып кетті

Судан Чемпионатының 13-ші туры аясында өткен «Аль-Шорт» - «Аль-Хиляль» командалары арасындағы матчта қызықты жағдай орын алды, деп хабарлады «Евроспортқа» сілтеме жасаған Prosports.kz сайты.

Ойын барысында алаңға күтпеген жерден ешкі шығып кетті. Шақырылмаған қонақтың бүлік салуымен матч бірнеше секундқа тоқтатылды. 

Бірақ, стадион амандығына жауап беретін қызметкерлер жануарды жасыл алаңнан қуып шықты.

Кездесу қорытындысында «Аль-Хиляль» командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или