Бірінші лига: «Алтай» өз алаңында «Байқоңырды» оңай ұтты
Бүгін Қазақстан Бірінші лигасының бесінші туры аясында өскемендік «Алтай» мен қызылордалық «Байқоңыр» кездесті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Премьер лигаға жолдама алудан үмітті командалардың бірі саналатын «Алтай» жаңа маусымды жақсы бастай алған жоқ. Алғашқы төрт турда екі рет жеңіліске ұшырады.
Енді қамшы баспаса кеш болатынын түсінген өскемендіктер бүгін барын салды. Өз алаңында <span>«Байқоңырды» қабылдаған олар 3:0 есебімен жеңіске жетті.</span>
«Алтай» — «Байқоңыр» 3:0<br />
Гол соққандар:<span> Қайқыбасов Дәурен '19 Түлеев Алтынбек '45 Қайқыбасов Дәурен '63</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или