«Астана» ФК мен «DerbyAcademy» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 

«Астана» ФК мен «DerbyAcademy» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 

«Астана» футбол клубының кеңсесінде елордалық команда мен «DerbyAcademy» жасөспірімдер академиясы өзара меморандумға қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз-мәслихаты хабарлады. 

<span>«DerbyAcademyда» қол қойылған құжат негізінде балалар 3 жылдан 9 жылға дейін оқытылады, содан кейін кешенді тестілеуден өтіп, «Астана» футбол клубы жанындағы футбол орталығына түсетін болады. </span>

<span>- Меморандумда үш мақсат бар. Біріншіден, бірлескен күш арқылы бұқаралық футболды дамыту. Екіншіден, Қазақстан жастарының арасында футбол мен салауатты өмір салтын насихаттау. Үшіншіден, біз еліміздің бірқатар клубтарымен жұмыс жасаймыз, бірақ «Астана» әрине, барлығынан ерекшеленеді. Бұл «Астана» командасының еурододаларда көрсетіп келе жатқан жоғары нәтижесімен байланысты емес. Біз үшін балалар мен жасөспірімдер футболының дамуы маңызды. Ал «Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілері соңғы жылдарда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының негізін қалап келе жатқандығының куәгеріміз. Және футбол орталығының командалары да өте жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, 2017 жылы жеті жас ерекшелігі бойынша өткен Қазақстан Республикасы Біріншілігінде 5 жүлделі орынға қол жеткізіп, соның екеуінде алтын медаль иеленген. Бұл еліміздегі футбол орталықтары мен академиялары командалары арасындағы ең үздік нәтиже. Сондықтан, біз үшін бұл ынтымақтастық жаңа қадам және жаңа тәжірибе болады. Біз өз кезегімізде, балаларды арнайы әдіснамаға сәйкес үш жастан бастап балаларға арналған футбол мектебіне дайындап, содан кейін олар белгілі бір білім мен және дағдымен футбол орталығына баратын болады, - дейді «DerbyAcademy» директоры Илья Байгабулов.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или