ҚПЛ. Алтыншы турдың үздік голы анықталды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың алтыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді. Бұл туралы ҚКФЛ ресми сайты хабарлады.
Өткен турда қазақстаныдық футбол жанкүйерлері көптеген комбинациялық шабуылдар мен голдардың куәсі болды. Барлығы 17 гол соғылды. Біреуі ғана пенальтиден.
Сауалнама нәтижесі бойынша «Ақтөбе» жартылай қорғаушы Асланбек Кәкімовтің қарағандылық «Шахтер» қақпасына соққан голы үздік атанды. Ол қарсыластарының әлдеқайда озық шықтты. Дауыс берушілердің саны - 1253.
Дауыс беру қорытындысы:
1. Асланбек Кәкімов голы (Шахтер – Ақтөбе 1:1) – 1253 дауыс;
2. Карлос Фонсека голы (Жетісу – Ертіс 2:1) – 727 дауыс;
3. Еркебұлан Тұңғышбаев голы (Ордабасы – Астана 1:2) – 494 дауыс.
Асланбек Кәкімов голы сәуір айының үздік добын анықтайтын сауалнамаға қатысады. Аталған сауалнама айдың аяғында өткізіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или