Қазақстандықтар ПСЖ ойыншыларымен кездеседі
27 сәуірде Алматыда Қазақстандағы балалар үйі мен мектеп-интернаттар арасында «Арманға апарар жол» атты футбол турнирі басталады.
Бұл жарыстың жеңімпаз командасы Францияға барып, «Пари Сен-Жермен» футбол клубының ойыншыларымен кездеседі.
Бұл чемпионат үш жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстанның балалар үйінен 56 бала «Барселона», «Милан», «Бавария» «Атлетико Мадрид», «Челси» сынды атақты клубтарда қонақта болып, Лионель Месси, Арьен Роббен, Хави, Роналдо секілді әлем футболының жұлдыздарымен кездесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или