«Реал» Мюнхенде жеңіске жетті

«Реал» Мюнхенде жеңіске жетті

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында мюнхендік «Бавария» мадридтік «Реалды» қабылдады.

Бірінші таймның ортасында Хаместен пас алған Джошуа Киммих әдемі соққымен алаң иелерін алға шығарған. Бұған мадридтіктер Марселоның голымен жауап қатты. Үзіліске кетер тұста бразилиялық қорғаушы алыс бұрышты дәл көздеді – 1:1.

Ал екінші таймда бас бапкер Зинедин Зидан алаңға Марко Асенсионы шығарған. Бұл шешімі көп ұзамай жемісін берді. Қорғаушылардың қателігінен кейін Асенсио гол соғып, қонақтарды алға шығарды.

«Бавария» ойыншылары таразы басын теңестіруге талпынғанымен, Кейлор Навас өз қақпасын екінші голдан аман сақтады. Қорытынды есеп – 1:2, «Реал» сырт алаңда жеңіске жетті.

Енді бұл жұптың қарымта матчы 1 мамырда өтеді.

«Бавария» - «Реал Мадрид» 1:2 (1:1)

Голдар: 1:0 – Киммих 28, 1:1 – Марсело 44, 1:2 – Асенсио 57

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или