Рудныйда футбол академиясы ашылады
Қостанай облысының әкімі Арxимед Мұxамбетов футбол академиясын ашуды жоспарлап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
<span>«Биыл біз Еуразиялық топпен (Eurasian Resources Group) келістік. Олар шамамен 1 млрд теңге бөліп береді. Облыстық бюджеттен де қаржы бөлінеді. Сөйтіп, ол ақшаға келесі жылы Рудный қаласында футбол академиясының құрылысын бастаймыз. Сосын 2020 жылдан бастап «Горняк» деген команда болады», - деді А.Мұxамбетов бүгін Қазақстан футбол федерациясының XVII конференциясында.</span>
<span>Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде Рудный қаласында 130 мың адам тұрады. Осы уақытқа дейін стадионды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Енді, футбол академиясы ашылса, командаға қажетті база болады. </span>
<span>«Академияның алаңында жоғары сапалы көгал төселеді. Оны фин компаниясы жеткізіп бермекші. Көгалдың биіктігі - 6 сантиметр. Бұның барлығы - соңғы теxнологиялар және УЕФА-ның талаптарына сай келеді», - деп атап көрсетті А.Мұxамбетов. </span>
<span>Айта кетейік, бүгінгі конференцияда Қостанай облысының әкімі Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетіне мүше болып сайланды.</span>