Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бапкері өмірден озды

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бапкері өмірден озды

Франция ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бапкері Анри Мишель 71 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды prosports.kz сайты Франция халықаралық телерадиокорпорациясына (RFI) сілтеме жасап.

Футболшы ретінде Мишель «Нант» клубының (1966-1982) намысын қорғады. Осы команда сапында үш рет ел чемпионы атанып, кубоктың жартылай финалына шықты. Ал Франция ұлттық құрамасында 58 матч өткізді.

Бапкерлік жолын 1982 жылы Франция жастар құрамасын баптаудан бастады. Әрі екі жылдан кейін Олимпиада ойындарын жеңіп алды. 1984 жылдан 1988 жылға дейін Франция құрамасының бас бапкері болып қызмет атқарды. Бұдан бөлек, Камерун, Марокко, Біріккен Араб Әмірліктері, Тунис, Кот-д'Ивуар елдерінде жұмыс істеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или