Қазақстан Кубогының ширек финалының жеребесі туралы мәліметтер

Қазақстан Кубогының ширек финалының жеребесі туралы мәліметтер
25 сәуір күні 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының 1/4 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді. 
Шара Rixos President Astana қонақүйінің конференц-залында өтеді. Елорда уақытымен 9:00-де басталады. 
Қазақстан Кубогының ширек финалына қатысатын командалар: 
 
- «Атырау»
- «Ертіс»
- «Қайрат»
- «Қайсар»
- «Мақтаарал»
- «Ордабасы»
- «Тобыл»
- «Шахтер»
 
Бұл кезеңнің қатысушылары тең жағдайда бір кәрзеңкеге орналастырылады. Матчтар бірінші болып таңдалған жұптың алаңында өтеді. Ширек финал ойындары бір кездесуден тұрады. 1/4 айналымның ойындары 2018 жылдың 23 мамырына жоспарланған. 
Жеребе тарту рәсімінің тікелей көрсетілімі Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының сайтында көрсетіледі. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или