Жерард Нус: Нәтиже көңіл қуантпайды

Жерард Нус: Нәтиже көңіл қуантпайды

«Ертіс» ФК бас бапкері Жерард Нус баспасөз жиынында «Жетісу» ФК қарсы сырт алаңда өткен матч жөнінде өз ойын білдірді. Павлодарлықтар Талдықорған қаласында 2:1 есебімен жеңіліс тапқан еді. 

-Нәтиже қуантарлық емес. Өте ауыр апта болды. Жалпы команда 12 күн бойы жолда келе жатыр. Ойыншылар үшін қиын сапар. Бірнеше күн бұрын ҚР Кубогы аясында өнер көрсетіп, сайыстың келесі кезеңіне өткен едік. «Қайсармен» тең ойнап, «Жетісу» ФК есе жіберіп алдық. Әрине бүгін әлдеқайда мықты ойын көрсетуіміз керек еді. Әсіресе матчтың екінші жартысында өз білгенімізді көрсете алмадық. Енді үйімізге оралып, «Қайратқа» қарсы ойынға дайындала бастаймыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или