Григорий Бабаян: Өте қиын ойын болды

Григорий Бабаян: Өте қиын ойын болды

«Ордабасы» - «Астана» (1:2) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елордалық команда бас бапкері Григорий Бабаян матч туралы өз пікірімен бөлісті: 

- Өте қиын ойын болды. Шынын айтсам, біз өз жағдайымызды өзіміз қиындатып алдық. Бірінші таймда да, екінші таймда да көптеген гол соғатын мүмкіндіктерді лайықты пайдалана алмадық. Сол себепті, ойын соңында «Ордабасы» тарапынан қысым өте жоғары болды. Қарсылас команда есепті теңестіру үшін үлкен күшпен алға шығып, шабуылдады. Жалпы қорытындыда, жеңіске жетіп, өте қажетті 3 ұпайға қол жеткіздік. Алаң сапасы аздап сапалы футбол ойнауға мүмкіндік бермеді. Алайда, стадионға жиналған жанкүйерлер керемет футбол мерекесін сыйлады. 

- «Ордабасы» командасы чемпиондыққа талас жолында «Астана» мен «Қайратқа» бәсекелес бола ала ма? 

 - Мен осыған дейін айтқанымдай, «Ордабасы» - құрамында сапалы ойыншылар жинақталған мықты команда. Команда екі кездесуде қатарынан жеңілгендігіне қарамастан, жақсы ойын көрсетіп келеді. Менің білімше команда сапында бірнеше жарақаттанған ойыншылар бар. Жалпы алғанда команда жоғары орындарға таласуға лайықты деп ойлаймын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или