Георгий Дерменджиев: Жеңілістің себебі ретінде, жарақат алған ойыншыларды негізге алғым келмейді

Георгий Дерменджиев: Жеңілістің себебі ретінде, жарақат алған ойыншыларды негізге алғым келмейді

«Ордабасы» - «Астана» (1:2) арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін шымкенттік команда бас бапкері Георгий Дерменджиев матч туралы өз пікірімен бөлісті: 

- Менің ойымша жақсы ойын болды. Әрине, кездесудің нәтижесіне көңіліміз толмайды. Себебі, ойынның басында 2-3 гол соғатын мүмкіндік болды. Кім көп гол соқты, сол команда жеңіске жетті. 

- Жарақат алған ойыншылардың жағдайы туралы не айтасыз? 

- Мен бас бапкер ретінде алаңға негізгі құрамда шығатын ойыншыларды белгілеуім қажет. Жеңілістің себебі ретінде, жарақат алған ойыншыларды негізге алғым келмейді. Мен бүгін небәрі екі ғана ойыншыны алмастырдым. Даутов жарақат алып қалғандықтан, кез-келген сәтте алмастыруын сұрауы мүмкін еді. Сол себепті, үшінші ойыншыны алмастырмадым. 

- «Астана» командасының бас бапкері алаң сапасына көңілі толмайтындығын жеткізді. Сіз үшін қалай? 

- Әр бапкердің өз ойы, өз пікірі бар. Екі команда да бірдей жағдайда ойнады. Алаң сапасын өздеріңіз көрдіңіздер, өте жақсы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или